«Еуразия» Бірінші арнасы https://1tv.kz Mon, 08 Jun 2026 15:49:24 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.9.4 https://1tv.kz/wp-content/uploads/2026/04/1tv-site-icon-150x150.png «Еуразия» Бірінші арнасы https://1tv.kz 32 32 Басты жаңалықтар. 08.06.2026 https://1tv.kz/video/36713/ Mon, 08 Jun 2026 15:49:24 +0000 https://1tv.kz/video/36713/ Талай таланттың жолын ашқан бағдарлама https://1tv.kz/news/36671/ Mon, 08 Jun 2026 15:47:10 +0000 https://1tv.kz/news/36671/ Балалардың телефонға телміргені барлық ата-ананың уайымы. Тіпті мектепте де проблемаға айналып, білім саласына жауаптылар түрлі тәжірибені іске асырып жатыр. Әсіресе ұл-қыздардың бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды спортқа, өнерге баулуда «ArtSport» мемлекеттік бағдарламасының септігі тиді.

ЗӘМЗӘГҮЛ ӘУБӘКІР, АТА-АНА:

Ата-ана ретінде менің балама емес, бүкіл қазақтың ата-аналарына өте үлкен көмек болды. Себебі қазір әлем желісінің балалары ғой. Қарасаңыз, көп ата-ана жұмыс бабымен қалада жүреді. Таңертең кетеді, кешке келеді.

Президенттің бастамасымен бұл жоба 2021 жылдың мамыр айында қолға алынған еді. Қазіргі таңда бір ғана Алматы облысында 16 мыңнан астам оқушы түрлі шығармашылық үйірмеге тегін қатысып жүр. Соның арқасында талай таланттың жолы ашылыпты. Өнерпаздар республикалық, тіпті халықаралық байқаулардың бас жүлделерін жеңіп алған. Есік қаласында ұйымдастырылған фестивальге өңірдің барлық ауданынан жиналған 2 мың бала өнерімен көрерменді тәнті етті. Ұйымдастырушылар жемісті еңбек еткен ұйымдар мен өрендерді марапаттады.

ЖАНАТ ТҰРҒЫМБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ARTSPORT» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

5 жылдың ішінде біздің балаларымыз Алматы облысы бойынша халықаралық деңгейде өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Оншақты біздің мекемелеріміз, тапсырушылар жыл сайын халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысып жатыр. Бүгін бізде мерейтой. Осы балаларымыздың арқасында, ата-аналарымыздың арқасында осындай жетістікке жетіп жатырмыз.

]]>
Қарқаралының қымызында не құпия бар? https://1tv.kz/news/36668/ Mon, 08 Jun 2026 15:46:17 +0000 https://1tv.kz/news/36668/ Сары қымыз сүйегіңе сіңсе, сан ауруды кеседі. Елімізде дәл осы ұлттық сусынды дайындаушылардың фестивалі өтті. Қарқаралы төрінде дүркіреп өткен дүбірлі тойға әріптесіміз Маржан Нүсіпбек ат басын тіреп, бабы келіскен түрлі қымыздан дәм татып, бағы жанған жеңімпаздардың қуанышына ортақтасып қайтты.

30 тонна қымыз құйылып, қала мен дала халқы тәнті болған фестиваль. Қарағанды облысында «Байқымыз-2026» байқауы өтіп, ұлттық сусын ұлықталды. Фестивальдің басты мақсаты – ең үздік қымызды анықтау. Содан да болар, бұл жолы сайыс өткен Қарқаралы өңірінің 27 қымыз баптаушысы бақ сынады. Сондай-ақ Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарынан да қатысушылар келген.

ӘДІЛҒАЗЫ ӘНУАРҰЛЫ, ҚЫМЫЗ БАПТАУШЫ:

Шаруашылықта күніне 300-350 литр қымыз өндіреміз. Қазақстанның үлкен қалаларында сатылымда. Бұл екінші қатысуымыз. Былтыр гастрофестивальде «Күміс торсық» номинациясын жеңіп алғанбыз.

Ең қызығы, қымыздың бабын келтіріп жүргендердің арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

АЛЕКСЕЙ ЕФРЕМОВ, ҚЫМЫЗ БАПТАУШЫ:

Я первый раз. Мен биыл бірінші рет қатысып жатырмын. Толқып тұрғаным рас. Осы жолы қатысқанымыздың өзі үлкен жеңіс деп ойлаймын. Келесі жолы өте жақсы дайындалып келеміз.

Ал осы жандарды қолдап келгендердің санында есеп жоқ. 20 мыңнан астам адам жиналып, бірі көршісінің, енді бірі ауданының абыройын асқақтатып жүр.

НҰРБОЛАТ АМАНТАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз дауыс беріп те үлгердік. Қымыздың да, еттің де дәмін көрдік. Өзіміздің мекенмен салыстырдық. Керемет екен бұл жақ. Өзім Жаңаарқа өңірінен болғаннан кейін бірінші орынға екі жерді қоятын едім. Осы Қарқаралы өңірін және Жаңаарқаны.

Ал кейбірі фестивальді тамашалау үшін алыстан ат терлетіп арнайы келіпті.

ҒАЗИЗ ЖҰМАШЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өте тамаша үрдіс. Мұндай бұрын-соңды болмады ғой. Қазір міне қолға алынып жатқаны адамдарды қуантады. Жалғыз қымыз емес, қолөнер де көрсетіліп жатыр ана жақта.

Осылайша ұлттық асымыздың дәмін татып, дауыс беріп жатқан көпшілікке біз де ілестік. Бірнеше түрінен ішіп көрдік. Әр қымыз баптаушынікі өзінше ерекше екенін түсіндік.

МАРЖАН НҮСІПБЕК, ТІЛШІ:

Міне, дәл қазір мен Қарқаралының қымызынан дәм татамын. Жуас қымыз екені көрініп тұр. Дәмі таңдайда қалады екен.

Фестивальде қазақтың барлық ұлттық өнері бір арнаға тоғысты десек, артық болмас. Біреуі темірден түйін түйсе, балуандар ат үстінде белдесті. Әншілер мен бишілер сахнаның сәнін келтірді. Тағы бір кіл мықтылар сүйек сындырып, білек күшін сынады.

МАРЖАН НҮСІПБЕК, ТІЛШІ:

Бүгінгі фестиваль тек қымыз жарысы болып жатқан жоқ. Тазылар да өзара сайысып жатыр. Өңір-өңірден келген тазылардан міне, 11 нөмірлі тазымыз бірінші келді.

НҰРДӘУЛЕТ МЫРЗАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰМАЙ ТАЗЫ ЖӘНЕ ТӨБЕТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз «Байқымыз» фестивалі болады дегеннен бастап дайындалдық. Үздіксіз, күнделікті. Соның нәтижесін беріп отыр. Биыл төрт жарысқа қатыстық. Соның үшеуінде бірінші орын алдық. Біреуінде ғана жеңіліп қалдық. Мынау, құдай қаласа, бесінші жарысы.

Айта кетейін, қымыз додасы елімізде екінші рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылар бұл жоба ең алдымен халықтың ұлттық дүниетанымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталғанын айтты. Алдағы уақытқа да жоспар айқын.

ЖҰМАЖАН ҚАЛТАЕВ, BAIQYMYZ ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

Үшіншісі Астанада болады. Ол халықаралық болады деп ойлап отырмыз. Өйткені қымызшылардан қырғыздар, сахалар келсе, бұл халықаралық болып шығады. Мұның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық тағамға деген құрметіміз. Ең бірінші, жылқыға деген құрметіміз.

Осылайша көпшілік кеш қарайғанша көңіл көтеріп, жарыс жеңімпазы кім болар екен деп тағатсыздана күтті. Халықтың дауысымен қоса, арнайы келген қазылар алқасының бағасы ескеріліп, Қарқаралының қымызы үздік деп танылды. Шаруа қожалығының иесі 5 млн теңгені қанжығаға байлады.

]]>
Премьер-министр сайлауда жеңіске жетті https://1tv.kz/news/36666/ Mon, 08 Jun 2026 15:36:42 +0000 https://1tv.kz/news/36666/ Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянды сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Жақында аталған елдегі саяси додада «Азаматтық келісім» партиясы зор басымдық танытып, сенімді нәтижеге қол жеткізген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесінің жауапты қызметіне толайым табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, белсенді түрде жалғастыруға дайын екенін ерекше атап өтті.

]]>
Халық кеңесінде неше адам болады? https://1tv.kz/news/36665/ Mon, 08 Jun 2026 15:35:48 +0000 https://1tv.kz/news/36665/ Таяу арада елімізде халыққа етене жақын қоғамдық институт құрылады. Құзыреті ассамблеядан да, аймақтардағы қоғамдық кеңестен де өзгеше. Көздегені бұқараның мүддесімен санасып, талап-тілегін мемлекеттік деңгейде қорғау. Қазақстан Халық кеңесі алдағы уақытта «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі үлгісі болады, дейді сарапшылар. Қос бірдей құрылымның басын біріктірген ұйым ұтымды ұсыныстар мен ілкімді істердің басында болмақ. Су жаңа органның саясат сахнасындағы салмағы мен пәрмені қаншалықты ықпалды?

Елдегі бірлік пен келісімнің бірегей үлгісі Ата заңда айшықталды. Енді Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай ұғымы тарих қойнауына кетеді. Конституцияда көзделгендей, стратегиялық сабақтастықты сақтайтын, халықтың пікірін жақтайтын жауапты миссия жаңа органға жүктеледі. Сарапшылардың сөзінше, консультативті кеңес кері байланыстың орнықты арналарын қалыптастырады.

АҚМАРАЛ ТҰРҒАЛЕЕВА, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұл институт – шын мәнінде бірегей құрылым. Уақыт өте келе оның пәрмені қаншалықты күшейсе, бүкіл азаматтық қоғамның дамуына да соғұрлым оң ықпал етеді. Яғни бұл – қоғамдық бірлестіктер, белсенді көшбасшылар мен қарапайым азаматтар саяси жүйеге, заңнамалық бастамаларға және маңызды шешімдердің қабылдануына тікелей әсер ете алатын негізгі тетік. Осылайша елде шынайы қоғамдық диалог қалыптасады.

Жаңа органның өкілеттігі мен құзыретінің аясы кең. Елдегі этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерімен тікелей Халық кеңесі айналысады. Осылайша мемлекеттегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына атсалыспақ. Сонымен қатар ел ішіндегі саяси бағытты жетілдіруге бастамашы болу да жаңа органның негізгі міндетінің бірі.

ЕРЛАН СӘРСЕМБАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Олардың қатарына ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық бастама жасау құқығы арқылы заң шығару процестеріне қатысу, референдум өткізу жөнінде бастамалар көтеру, қоғамдық талқылау мен диалог алаңдарын ұйымдастыру кіреді. Қазақстан Халық кеңесіне Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездерін ұйымдастыру функциясы жүктеледі.

Халық кеңесі органының барлық мүшесін Мемлекет басшысы тағайындайды. Төрағасын мүшелері сайлайды. Өкілеттілік мерзімі – 4 жыл. Оның қоғамдық негізде жұмыс істейтін екі орынбасары мен хатшылық меңгерушісі болады.

НҰРТӨРЕ ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл әсіресе Қазақстан сияқты көпэтносты және көпқырлы қоғам үшін аса маңызды. Себебі тұрақтылық пен дамудың негізі – әділ өкілдік пен ашық диалог. Кеңес әртүрлі әлеуметтік топтардың, өңірлердің және буындардың мүдделерін тоғыстырып, ортақ ұлттық күн тәртібін қалыптастыруға ықпал етеді. Ол әр азаматтың өз пікірінің маңызды екенін сезінуіне, ел болашағына ықпал етуіне мүмкіндік береді.

Халық кеңесінің тағы бір артықшылығы – Құрылтайға заң жобаларын енгізіп, референдумдарға бастамашылық жасай алады. Ал биліктің тармақтары келелі кеңес көтерген мәселемен санасуға міндетті. Жастардың да ең өзекті мәселелері назардан тыс қалмайды.

АЛЁНА ДМИТРИЕВА, «ЖАСТАР» ҒЗО АНАЛИЗ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Халық кеңесі жаңа реформаның жай ғана белсенді қатысушысы емес, ол саяси шешімдер қабылдайтын субъект деуге болады. Қуантарлығы, ол халық үніне құлақ асып, олардың мәселесін шешу үшін құрылды. Жастардың келешегіне де оң ықпалын тигізері анық. Атап айтқанда, баспана, жұмыспен қамту және білім беру мәселелері бар. Азаматтық қоғамның рөлі өзгеріп, күн тәртібіне халықты толғандыратын мәселелер шығарылатын болады.

Осылайша билік пен бұқараның байланысы жаңа сипат алып, арасы бұрынғыдан да жақындай түспек. Бастысы, бұл құрылым тек ұсыныс айтатын орын емес, жұрттың үнін нақты шешімдерге айналдыратын күшке айналады деп күтіліп отыр.

]]>
Бастықты орнына қоятын заң https://1tv.kz/news/36664/ Mon, 08 Jun 2026 15:34:39 +0000 https://1tv.kz/news/36664/ Бүгіннен бастап Еңбек кодексіне енгізілген нормалар күшіне енеді. Президент бұған дейін қол қойған жаңа түзетулер топтамасы жұмыс берушілер үшін «ойын ережесін» өзгертпек. ГПХ үшін айыппұл, скринингке арналған демалыс және соңғы жұмыс күнін айқындау мәселелері. Жаңа жобадағы тың өзгерістер тек жұмыс ұсынған тарапқа емес, еңбекке тартылған азаматтардың да жауапкершілігін күшейтеді. Бастық пен бағыныштының арасындағы қатынас енді қалай реттеледі?

ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:

Бұдан былай 14 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты немесе ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарды жұмыстан себепсіз шығаруға тыйым салынады. Президент Еңбек кодексіндегі осы және өзге де бірқатар өзгерісті мақұлдады. Енді жұмыс берушілер «штат қысқарды» немесе «ақша жоқ» деген сылтаумен әлеуметтік осал топтағы қызметкерді далаға тастай алмайды. Бұл – тікелей заң бұзу болып саналады.

Елордалық Фариза Сейсенбайдың отбасы мұндай әділетсіздікпен осыған дейін бетпе-бет келген. Айтуынша, күйеуін басшылық еш себепсіз, дәл жалақы алар алдында жұмыстан қуып жіберіпті. Екі бірдей ерекше баланы тәрбиелеп отырған жас отбасы үшін бұл ауыр соққы болған. Сондықтан олар жаңа заңның қабылданғанына қуанып отыр.

ФАРИЗА СЕЙСЕНБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жолдасымды аяқ астынан, еш себепсіз жұмыстан шығарып жіберді. Оның орнына басқа адамды алғылары келген сияқты. Тіпті өзінің адал еңбегімен тапқан ақысын, бонусын да ала алмады. Енді қабылданып жатқан заңға разымыз. Өйткені ол біз сияқты отбасыларға тұрақтылық пен кепілдік береді.

Иә, енді заң күшіне енген соң, мұндай жағдайда басшылық жауапкершіліктен жалтара алмайды. Түрлі сылтаумен еңбек шартын біржақты бұзуға жол берілмейді.

АРМАН КЕНЖЕҚҰЛОВ, ЗАҢГЕР:

Жұмыс берушінің бастамасымен шығаруға болмайды деген сөз – мысалы, «штат қысқарды», «жұмыс көлемі азайды» немесе «біліктілігің сай келмейді» деген сияқты баптарға сүйеніп, бұл санаттағы кісілерді енді қызметтен босата алмайды.

Алайда заң қорғайды екен деп, жұмысқа салғырт қарауға да болмайды. Егер қызметкер ішкі тәртіпті бұзып, өз міндетін орындамаса, жұмыс беруші онымен қоштасуға толық құқылы.

БИБІГҮЛ АҒЫБАЕВА, ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Егер бұл санаттағы жұмыскерлер еңбек тәртібіне бағынбай, өз міндеттерін уақытылы әрі дұрыс орындамаса, жұмыс беруші келісімшартты үзе алады. Яғни бұл заң «кез келген ережені бұзып, жұмыс істемей жүре беруге болады» деген сөз емес. Кодекстің 52-бабында еңбек шартын бұзудың 23 түрлі негізі көрсетілген.

ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:

Жаңа заң аясында азаматтық-құқықтық сипаттағы, яғни ГПХ келісімшарттарын пайдалануға қатаң шектеу қойылды. Басшылық мұны негізге алып, қызметкерді міндетті төлемдерден қаға алмайды. Бұдан былай жұмысқа қабылдау тек еңбек шарты арқылы жүзеге асуы тиіс. Осылайша әрбір жұмысшының ақылы еңбек демалысына және әлеуметтік-медициналық сақтандыруға қол жеткізу құқығы толық қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, азаматтық-құқықтық шарт бойынша белгілі бір мерзімге арналған я болмаса бір реттік келісімге отыруға болады. Егер сол келісімде еңбек шартына тән белгілер болса, екі тарап міндетті түрде еңбек шартын рәсімдеуі тиіс.

]]>
Мас мұғалім 3 адамның өмірін қиды https://1tv.kz/news/36663/ Mon, 08 Jun 2026 15:33:13 +0000 https://1tv.kz/news/36663/ Түркістан облысында мас жүргізуші әйел алты адамды қағып, үшеуі мерт болды. Оқыс оқиға Арыс қаласында болған. Жоғарғы жылдамдықпен жүйткіп келген көлік орындықта отырғандарды соғып, үйдің қоршауын бұзып өтіпті. Ащы суға сылқия тойып алып, бірнеше отбасыны қан жылатқан оқиғаның жай-жапсарын тілші тарқатады.

ҒАЛЫМЖАН КЕНЖЕБЕК, ТІЛШІ:

Қайғылы жағдай сенбі күні кешкі сағат сегіз жарым, тоғыздар шамасында осы жерде болған. Мына беткейден рөлді басқарып келе жатқан әйел тежегішті баспай, орындықта отырған адамдарды жапа-тармағай басып кетіпті.

Көршілер қас пен көздің арасында болған жағдайдан есеңгіреп қалған. Апат болған жерге барған тұрғындар жан-жақта шашылып жатқан туған-туыстарын көріп қатты абдыраған. 50-ден асқан жүргізуші әйел 6 адамды қағып, оның үшеуі сол жерде қайтыс болды.

ҒАНИ АЙДАРОВ, МАРҚҰМНЫҢ ҚАЙЫН АҒАСЫ:

Ана жерде көрші балалар отырған. Айтады, қатты келді деп. Тормоз баспаған, кеше милициялар келіп қарады. Тормоздың ізі де жоқ мына жерде. Ішіп алған, тойып алған. Ол кісі мына Адамбеков мектебінің мұғалімі. Қазақ тілі пәнінен береді. Енді жиі ішіп тұрады. Ішіп жүргенін көретінбіз.

Бақилық болғандардың бірі 29 жастағы Айшолпан Шәріпбек. Соққының қатты болғаны соншалық, дуалдың арғы бетіне өтіп кетіпті. Төрт баланың анасы жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатқан сәтінде соңғы демі үзіліпті. Ал оқиға орнында қайтыс болған оның 2 жасар ұлын тас-кесектердің ішінен тауып алыпты. Тағы бір көршілерінің 5 жасар қызы да сол жерде тіл тартпай кеткен. Айдың-күннің аманында үш адамның өмірін жалмаған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болған. Ал қара жамылған отбасының балалары анасынан айырылған ауылдан көшіп кетейік деп жылайды екен.

АҒАЙША МАНАТОВА, МАРҚҰМ КЕЛІНШЕКТІҢ ЕНЕСІ:

Кеше түнде жатайын деп жатсақ, «мама қане, мама қане?» деп жатыр ғой. Енді менің өн бойым, жүрегімді тіліп өтеді «мама қане?» деп. Қайтемін енді, қай жақтан тауып беремін?

Оқиға салдарынан тағы бір егде әйелдің иығы сынса, тағы екеуін түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. 30 жастағы келіншектің тізесі сынып, миы шайқалып, хирургия бөліміне жатқызылған. Ал 1 жас 6 айлық баласы бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты.

АЙДАР АКБАРОВ, АРЫС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ УАҚЫТША МЕҢГЕРУШІСІ:

Миының шайқалуымен, оң жақ кеуде тұсының көптеген жабық сынуымен, сол жақ санының сынуымен реанимация бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайда ол баланы облыстық балалар ауруханасына ауыстырдық. Оң жақ бетінде 5 қабырғасы сынған және сан сүйегі сынған.

Үш адамның өмірін жалмап, қалғандарын аурухана төсегіне таңған әйел жүргізуші ұсталып, қамауға алыныпты. Қазіргі уақытта жедел топ мән-жайды толық анықтау үшін тергеу әрекеттерін бастапты.

]]>
Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша кімге кешірім берілді? https://1tv.kz/news/36662/ Mon, 08 Jun 2026 15:30:38 +0000 https://1tv.kz/news/36662/ Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына байланысты үшінші марқұм Томирис Қыдырбектің отбасы сотталушы Александр Пакқа кешірім берді. Зардап шеккен үш әулет те кінәлі жүргізушімен татуласып, айыпталушы келтірілген моральдық және материалдық барлық шығынды өтегенін айтты. Және кінәсін әу дегеннен толық мойындап, өкінетініне иланыпты. Сот отырысы ашық түрде өткенімен, сотталушы да, жәбірленушілер де процеске онлайн қатысуда. Сондықтан марқұмның анасының мәлімдемесін аудармашы оқыды.

Жол апатының ауыр салдарына және қызымның қазасына қарамастан, мен және менің туыстарым Александр Пакті кешіреміз. Біз татуласып, сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Кешірім сұрады. Қазіргі таңда менің Александр Пакқа ешқандай материалдық, моральдық талабым жоқ. Татуласу өз еркімізбен болды.

Сот отырысында апат болған күні айыпталушымен мейрамханада бірге отырған куәгерлерден де жауап алынды. Олардың бірі ішімдік ішкенін көрмесе, екінші қыз Пакпен сол күні ғана танысқанын айтты.

]]>
Қызылорда облысында маньяк жүргені рас па? https://1tv.kz/news/36661/ Mon, 08 Jun 2026 15:25:46 +0000 https://1tv.kz/news/36661/ Біздің ауылда маньяк жүр! Әлеуметтік желіде тараған осы ақпараттан соң Сыр еліндегілер сыртқа шығуға қорқып қалды. Қызылордалықтардың үрейін аймақтың екі ауданында тіркелген сұмдық қылмыс үдете түскен. Шиеліде оныншы сынып бітірген қыздың мәйіті судан табылса, Жаңақорғанда 20 жастағы жігіттің денесі құдықта жатқан. Мұны естіген бұқара маньяк бар дегенге шын сеніп, бетін шымшып отыр. Ал полициядағылар не айтты? Анықтап көрдік.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті су арнасынан табылды. Бір тәулік бойы ізім-ғайым жоғалған жасөспірімді сол маңның тұрғындары айдында жалаңаш жатқан күйінде көрген. Қазір елді дүрліктірген жағаұстатарлық жағдайға байланысты полицейлер іс қозғады. Күдікті ретінде бір ер адам ұсталды.

АСЫЛБЕК БЕКСЕЙТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қыздың өліміне қатысты күдікті адам ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Ол Шиелі ауданының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізілуде.

Адам өліміне қатысты тергеп-тексеру Жаңақорған ауданында да тіркелді. Жиырма жастағы Мейіржан Рүстемнің мәйіті су құдығының ішінен табылған. Марқұм жоғалмас бұрын ауладағы сәкіде түнеген екен. Себебі екі күн бұрын үйлеріне ұры түсіп, сейфте тұрған ақшаны алып кеткен көрінеді. Қылмыскерлер қайта келуі мүмкін деген Мейіржан сол күні далаға жатуды жөн көрген. Ал ертеңгісін ер жігіт жоғалып кеткен. Бір тәулік іздеуден соң жақындары оны құдықтың ішінен тауыпты.

КЕНЖЕ ДҮЙСЕНБИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Көрпесі болады. Сол көрпеге тұншықтырған. Ол бір адамның ісі емес. Шығарып салар сәтінде баламды бір көріп қалайыншы дедім. Сол кезде көрдім, мына жерінің барлығы көгерген дақ тұр. Ол жаны демімен шығам дегенше алысқан ғой, бір-екі-үш адаммен алысқан ғой, ұрған.

Марқұмның отбасы тергеушілердің жұмысына көңілдері толмай отыр. Бірінші күдікті ретінде Мейіржан Рүстемнің әкесі қамалыпты. Одан соң оны жіберіп, құзырлы орган өкілдері тергеуге марқұмның кенже інісін алыпты.

ҒАНИ ЖҰППАРБАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Ең әлсіз 15 жастағы баламды осы тұрғанда қамап отыр. Дәлел бар ма, жоқ па, айтпайды. Бес сағат оны қорқытады, әке-шешесіз. Балам қазір білмеймін не болып жатқанын. Соған келіп тұрмын, кеше де келгенмін, бүгін тағы да келіп тұрмын.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы өлі баласын жоқтаумен емес, тірі ұлдарын арашалаумен әлек. Айтуларынша, кенжелері бұл қылмысты жасамаған. Осы екі қылмыстан соң әлеуметтік желілерде «Қызылордада маньяк жүр» деген қауесет шықты. Полиция өкілдері мұның шындыққа жанаспайтынын айтып, жалған ақпарат таратқандар заңмен жауапқа тартылатынын жеткізеді.

]]>
Ақшаңды бер де, жүргізуші куәлігін ал! https://1tv.kz/news/36660/ Mon, 08 Jun 2026 15:23:42 +0000 https://1tv.kz/news/36660/ Ақшаңды бер де, жүргізуші куәлігін ал! Дәл осылай әлеуметтік желіде көпшіліктің сеніміне кіріп, құйтырқы әрекетін іске асырған алаяқ ұсталды. Ұлытау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті азаматтарға көлік жүргізуге қажет құжатты, яғни, «права» алып беремін деп уәде еткен. Қызметі үшін әр адамнан 300 мың теңгеден бастап 1 жарым миллионға дейін алып отырған. Алайда қолына ақша түскен соң, байланысын үзген. Бүгінде осы іс бойынша полицияға 20-ға жуық арыз түсіпті. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МҰХАМЕД КАРМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ұлытау облысының полиция департаменті азаматтарды мұндай заңсыздыққа сенбеуге шақырады. ҚР-да жүргізуші куәлігін тек заңнамада белгіленген ереже бойынша жүзеге асырады. Арнайы оқу курсын өтіп, емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін ғана халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімделеді.

]]>