| Материалды қосу керек: |
«Венесуэла президенті Уго Чавес Кубадағы медициналық тексеруден кейін бойынан қатерлі ісік табылғанын мойындады» деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
57 жастағы Венесуэла президентінің жамбас тұсында көлемі 2 сантиметрге жететін карцинома бары анықталған. Жақын арада Чавеске ота жасау арқылы ісікті алып тастау жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсанда Уго Чавес Кубада аталған дерттен емделу үшін бірнеше химиялық терапия курстарынан өтіп, оның сырқатынан толығымен айыққаны расталған болатын.
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу