| Материалды қосу керек: |
Халықаралық ғарыш стансасының командирі Дэниел Бербэнк (Daniel Burbank) және экипаждың штаттан тыс мүшесі Robonaut-2 бір-бірімен қол алысты. Бұл құлтемір орбитада сынақтан өте бастады.
NASA мұны тарихи жағдай деп атады. Осылайша Robonaut-2 өзінің адамдарға көмек беруге дайын екенін білдірді. Тіпті ол адаммен қол алысқаннан кейінгі «әсерін» тікелей эфирде және «Твиттерде» баяндады. Одан басқа, құлтемір жұртқа ыммен (Hello World) хабарлама жіберді.
Еске сала кетсек, көмекші кибернетикалық астронавт Халықаралық ғарыш стансасына бір жыл бұрын жөнелтілген. Бірақ тек 2011 жылдың қазан айында ғана іске қосылып, түрлі тексеруден өтті. Жақын арада құлтемір күрделі сынақтан өтеді. Ол имитациялық басқару панелімен жұмыс істейді.
NASA әзірге «Робонавттың» стансада нақты қандай тапсырма орындайтыны жөнінде мәлімет берген жоқ.
Дереккөз – membrana.ru
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу