Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Дүниежүзінде алғашқы плантагонның іргетасы Швецияда қаланды

Материалды қосу керек:

Плантагон – жылыжайлардың жаңа түрі. Олар қалалық жерлерде ауыл шаруашылығымен айналысатындарға арналған вертикальді фермалар. Бұған дейін мұндай жобалар құрғақ қиял, іске аспайтын арман боп есептелетін. Енді алғашқы кешеннің құрылысы Линчепинг қаласында басталды.

Құрылыстың басталып кеткеніне қарамастан, жылыжай туралы әлі де нақты мәлімет жоқ. Кешен құрылысын бастаған компанияның  сәулетке қатысты бірнеше шешімдері бар болғанмен, қайсысының іске асатыны әзірге белгісіз.

Болжам бойынша, алғашқы плантагон шар тәріздес, оның биіктігі 17 қабатты үймен бірдей болады. Онда көкөністер өсірілмек. Көкөністерді жинау науқанында олар жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа автоматты түрде түсетіндей етіп жасалған.

Дереккөз membrana.ru

Технология

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics