| Материалды қосу керек: |
АҚШ-тың атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдары қар көлемін нақты есептейтін қондырғы жасады. Осыған дейін қар қалыңдығын есептеу үшін ультрадыбысты құрылғылар және ядролық сызғыштар пайдаланылатын.
Бірақ көптеген параметрлер есептелмеген және үлкен кеңістіктерде тиімсіз болғандықтан, бұл әдістер қолайсыз болып саналды.
Лазерлік сәулелер қар қалыңдығын жоғары дәлдікпен анықтай алады. Зерттеушілердің айтуынша, ультрадыбысты құрылғыларға қарағанда лазерлік қондырғылар атмосфералық жағдайларға тәуелді емес. Сынақ барысында ғалымдар лазерлік сәуле көмегімен көптеген жерлердегі қар қалыңдығын есептеген. Алынған қорытындылар нәтижесінде қар жамылғысының үш бөлімді суреті алынды.
Болашақта осындай лазерлік құрылғылармен жабдықталған жер серіктері ғарыштан жердің түкпір-түкпіріндегі қар жамылғысының қалыңдығын анықтай алады.
Таулы және солтүстік аймақтарда қар қалыңдығын есептеу аса қажет. Алынған мәліметтер қар көшкіні және көктемде мұздың еруімен байланысты болатын апаттардың алдын алуға көмектеседі.
Дереккөз – nauka21vek.ru
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу