| Материалды қосу керек: |
Биыл қыста түскен қардың молдығы су тасқынына әкелді. Ауа райының күрт жылынуы салдарынан қар еріп, арық-атыздарға сыймаған су ауылдарды басып қалды. Тек Темірлан ауылында 350 үй су астында қалған.
«Бүкіл ауыл бойынша өтетін Найман арық каналы секундына 8-10 шаршы метрге есептелген. Қазір ол арқылы үш есе көп су ағып жатыр», - деді облыс әкімі А.Мырзахметов.
Бұзылған канал үйлер мен шаруашылық жайларды басты. Оқиға орнына әкімшілік, ТЖД және жергілікті тұрғындардың күші жұмылдырылды. Қазір малдың өлім-жітімі мен зардап шеккен үйлер туралы мәлімет жоқ.
Автор: Раушан Жұмаділқызы, Азамат Ахметов, "Еуразия" бірінші арнасы (1tv.kz)
Фото: Раушан Жұмаділқызы, 1tv.kz

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу