Аружан Саин қуыршақ өндіру саласының мамандарымен бірігіп, қайырымдылық шарасының тұсаукесерін ашты.
Бұл қайырымдылық шарасына 12 жұлдызды тұлға мен 12 қуыршақ өндіруші маман бірігіп, ерекше қуыршақтар топтамасын жасап шығарды. Жұлдызды қуыршақтарды іске асыру үшін 1 ай беріліп, қайырымдылық шарасына дайындық басталған болатын.
Таяу арада бұл қуыршақтармен фотосессия ұйымдастырылып, қайырымдылық қорының ресми сайтына шығарылмақ. Кез келген қызығушылық танытқан сатып алушы суреттердегі көрсетілген қуыршақты таңдап, сатылым бағасы қойылған сомасын қайырымдылық қорының банк есепшотына аударады.
Автор: Белла Сәт-Мырза, «Еуразия» бірінші арнасы, 1tv.kz
Фото: Марат Дильман, 1tv.kz
Қайырымдылық шараларын ұйымдастырушылар бұл қуыршақтар балалардың өмірін ұзартуға септігін тигізеді дейді
Қуыршақтарды жасаушы кәсіпорын мамандары жұлдызды тұлғалармен бірігіп жұмыс істегендеріне ризашылықтарын білдірді
Қуыршақтар түрлі фурнитуралардан құрастырылыпты. Мына Мұтұрғановтар әулеті акрилмен боялған киізден жасалыпты
Айқын өз қуыршағына музыка әлемінде аты аңызға айналған Майкл Джексонның бейнесін таңдапты
"Мен идеясын айтқаныммен, Айнаш қуыршақты өзі жасап, сәндеді. Қуыршақ тез сатылсын деген ниетпен Майкл Джексонның бейнесін таңдадық" деп Айқын ағынан жарылды
Марат Оспанов өз қуыршағына "Жұлдызшы мен сәби" бейнесін таңдай отырып, бұл образдардың кез келген жанның жүрегінен орын алатынына сенімді болған
Шараға ұйытқы болған Аружан Саиннің қуыршағы өзінен аумайды. Лидия Крадухина қуыршақ Аружанды қыштан жасап, сәнді көйлек кигізіпті
Баян Есентаеваның өзі шараға қатыспаса да, қуыршақ Баян оның орнын жоқтатпады. Мария Лукьяренко оны қыштан құйып, ең сәнді көйлектің бірін кигізіпті
Ал Құралай Нұрқаділованың қуыршағына Вашингтонда сән қойылымында көрсетілген топтамасының көйлегі кигізілген екен
Цирк әлемінің жұлдыздары Мұтұрғановтар отбасының дәлме-дәл сахнадағы киімдерін Сапарғалиева Рахат пен Қуантаева Аида акрил бояуымен бояған екен
Балнұр Асанованың бұл қуыршағы сонау Sotheby's және Николя Саркози ұйымдастырған Christie мұражайына қатысыпты
«Мотор-Роллер» тобының мүшесі Ілияс Аутовтың қуыршағы романтикалық тұрғыда жасалыныпты
Айгүл Мүкей мен Роза Сәрсебаева өз қуыршақтарын ұлттық нақышта жасап,қолдарына қасиетті қара қобызды ұстатыпты
Карина Абдуллина мен Наталья Лепхина қыштан жасалған кішкентай «Мюзикола» дуэтін пеште пісірген екен. Баспасөз конференциясының соңында Карина Абдуллина өзінің қуыршағына арнап, француз тілінде ән шырқады
Пікір қосу