| Материалды қосу керек: |
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
Тәртіпсіздіктердің салдарынан атыс қаруынан 12 адам қаза тапты, 2 адам дене жарақаты салдарынан мерт болды. 1 адам «Сулпак» сауда үйін тонау кезінде алған күйіктен қайтыс болды, ал тағы 1 адамның бытырамен жарақаттанып, мерт болуы жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты емес.Тергеу барысында 2 277 куәнің айғақтары алынып, 200-ден астам түрлі сот сараптамалары жүргізілді.
Қосымша куәларды, оқиғаларды көрген адамдарды анықтау үшін қаланың орталық алаңы аймағындағы үйлерді үйме-үй аралау жүргізіліп, нәтижесі бойынша 1 128 тұлғадан жауап алынды.
Орын алған оқиғалардың хронологиясын қалыптастыру үшін куәлар айғағы, бейнетүсірілімдер мен басқа материалдардың негізінде жаппай тәртіпсіздіктердің қатысушылары мен полиция қызметкерлерінің жинақталу және жүріп тұру орындарының сызбалары дайындалды.
Қазіргі кезде 7 ұйымдастырушы және тәртіпсіздіктер мен тонаулардың 36 белсенді мүшесі анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 29-ы қамауда, қалған 14-іне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бірнеше рет хабарланғандай, жекелеген БАҚ-тарда жарияланған ондаған қаза болғандар мен жүздеген жарақаттанғандар туралы ақпараттар жалған ақпарат екені айқын.
Жаңаөзен қаласы ауруханасының әйел хирург-реаниматологының сөзіне сілтеме жасай отырып, «Новая газета» басылымында 16 желтоқсанда сол хирургтің қолында 22 адам, 17-сі күні тағы біреуі қаза болғандығы және 19 желтоқсанда ОМОН-дар зорлаған қыздың түскендігі жарияланған болатын.
Дегенмен Жаңаөзеннің орталық қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде әйел жынысты дәрігер жұмыс істемеген және жұмыс істемейді, ауруханада хирург-реаниматолог лауазымы мүлдем жоқ.
Ауруханада қаза болғандардың саны мен зорланған қызды жеткізу бойынша ақпаратты қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Қайыров теріске шығарды.
Кейбір БАҚ биліктің жасырып отырған ақпараты ретінде қалалық аурухананың қабылдау бөлімінен алған тәрізді етіп емделушілердің тізімін, олардың ішінде басқалармен қатар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде дене жарақатын алған бірқатар балалардың тізімдерін жариялады.
Дей тұрғанмен, аталған тізімнің 2011 жылғы 22 желтоқсанда Бас прокуратураның сайтында жарияланған тізімнен ешқандай айырмашылығы жоқ.
Яғни «жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан дене жарақатын алған балалар туралы ақпаратты билік жасырын ұстауда» деген аталған мақалалардың басты мазмұны ешқандай шынайы негіздерге сүйенбеген.
Адамдардың жаппай жоғалу фактілері, туысқандарын іздеп, бүкіл қала бойынша ілінген жарнамалар туралы мақалалар да шындыққа жанаспайды.
Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер кезінде 12 адам қарудан, 2 адам дене жарақатынан мерт болды.
Дереккөз - prokuror.kz
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу