Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

«Энергия үнемдеу туралы» заң энергия тиімділігін арттырудың жаңа жүйесін құрады

Материалды қосу керек:

Елімізде қабылданған «Энергия үнемдеу және энергия үнемділігін арттыру туралы» заң экономика мен шаруашылықтың түрлі секторындағы энергия тиімділігін арттыратын болады. Бұл туралы БҰҰ ДБ/ЖЭҚ жобасының менеджері Александр Белый хабарлады.

Оның айтуынша, Үкімет бекіткен Энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар да энергия тиімділігін арттыруға сеп болады.

«Бұл екі құжат экономиканың түрлі секторындағы, оның ішінде БҰҰ ДБ/ЖЭҚ мен ҚР Үкіметінің назарындағы коммуналдық жылумен қамтамасыз ету секторындағы энергия тиімділігін арттыру ісіне айтулы үлес қосатын болады», - деп атап көрсетті А.Белый.

Жылуды есептеу құралының бар-жоқтығына қарай, тұтынылған жылу энергиясы үшін сараланған төлем енгізу мәселесі де заң нормаларымен қарастырылып отыр.

«Соңғы бірнеше жыл бойы біз Алматы, Астана және Қарағанды қалаларындағы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда энергиямен және жылумен жабдықтау жөніндегі ілкі жобаларды жүзеге асырып келдік. Біз біраз нәтижеге қол жеткіздік, бірақ халық тарапынан анау айтқандай ынта байқалған жоқ. Заңға енгізілген жаңа норма азаматтардың осы мәселеге деген ықыласын арттырары сөзсіз. Мысалы, біздің есептеуімізше, ғимараттарға автоматтандырылған жылу пункттерін орнату төлемақы бойынша 30 пайызға дейін үнем береді екен», - деп атап көрсетті. 

Дереккөз pm.kz

Басты, Қазақстан

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics