Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Алматы таксилеріне корейлік таксометрлер орнатылады

Материалды қосу керек:

2009 жылы қала басшылығы жылдың соңында шаһардағы барлық таксопарктердің таксометрлермен жабдықталатынын хабарлады. Жолаушы тасымалына арналған бірегей тариф бекіту де жоспарланған. Алайда одан бері такси қызметінің ақысы қымбаттамаса, арзандаған жоқ.

Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, қалада жолаушылар және жүк тасымалымен айналысатын 12 кәсіпорын тіркелген. Олардың меншігінде 500-ден астам көлік бар. Бірақ бірде-біреуінде таксометр қолданылмайды.

Оған себеп – жеткізушілер мен тексеру қызметінің жоқтығы.

Тексеру сертификат болған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл шара 5 айдан артық уақыт өткізіледі. Ал құны 500 мың теңгеден астам. Сонымен қатар Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, таксометрлерді орнатуға тиіс ұйымдардың өзі оған техникалық жағынан дайын емес.

«Еуразия» бірінші арнасының редакциясы осыған қатысты түсінік алу үшін «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының алматылық бөлімшесіне хабарласты. Орталық мамандары жауапкершіліктен бас тартып, оларға таксометрлерді сертификаттау туралы ресми өтініштердің келіп түспегенін алға тартты.

 Қазақстандық метрология институтының өкілдері қазіргі уақытта олар таксометрлерді алғаш рет сынақтан өткізіп жатқандарын айтты. Себебі  сұранымды тек былтырғы жылдың соңында алған.

Бізге белгілі мәліметтер бойынша, сұраным берген – такси  қызметін көрсететін компаниялардың бірі. Елімізде таксометр жеткізушілерді таба алмаған компания басшылығы оларды Кореядан сатып алуға бел буған.  

Тәжірибелік тексерулер 28 ақпанда аяқталады. Кейін тексеру қорытындысы  Техникалық реттеу және метрология комитетінің ғылыми-техникалық комиссиясына  тапсырылады. Аталған комиссия сертификат тапсыру  жөнінде шешім шығарады.

Таксометрлерді қолданысқа енгізу мерзімі  2012-2013 жылдарға жоспарланған.

Алайда оларды жеткізумен кімнің айналысатыны және қолданысқа енгізу барысын кім бақылайтыны белгісіз.

Автор: Венера Ізбағамбетова, Карима Құралова, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)

Басты, Қазақстан

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics