Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Мемлекеттік рәміздеріміз Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында неге тіркелмеген?

Материалды қосу керек:

Бүгінгі Парламент отырысында еліміздің Әділет министрі Берік Имашевтің жасаған баяндамасынан соң депутат Мұрат Әбенов: «Мемлекеттік рәміздер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында неге тіркелмеген?» деген сауал көтерді. Алайда сауал жауапсыз қалды.

Мемлекеттік рәміздер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында тіркелмегендіктен, таяу арада біздің елтаңба мен MASOSH компаниясының арасында даулы мәселе орын алғаны белгілі. Естеріңізге  салсақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын эквадорлық MASOSH компаниясы логотип ретінде қолданған болатын. Кейінірек Эквадордағы біздің елтаңбаны көшіріп,  логотип жасаған Гильермо Вальверде ресми түрде кешірім сұрағаны белгілі.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің Әділет министрі Берік Имашевтан: «Мемлекеттік рәміздер  Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында неге тіркелмеген?» деген сұрағын кеш қойылған сауал деп қараудың қисыны жоқ. Өкінішке орай, мемлекеттік рәміздерімізге сұғанақтық жасап, қол салып жатқан шетелдіктердің сол әрекеттерінің өткеніне біршама уақыт өтсе де, бұл мәселе жабулы қазан күйінде қалып отыр. Бұған бүгін халық қызметшісімін деп жүрген Мұрат Әбеновтің сауалына Әділет министрі де  өзінше жауап беруге тырысты. Оның айтуынша, мемлекеттік рәміздерді тіркеудің еш қажеттілігі жоқ.

Мемлекеттік елтаңба авторларының бірі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі  Жандарбек Мәлібеков   мемлекеттік рәміздеріміздің  Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында неге тіркелмегені жайлы өз пікірін білдірді.

«Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының жекеменшігі болып саналады. Ал қазір депутаттардың көбісі жекеменшікті лицензиялауды алып тастап жатыр. Сондықтан  зияткерлік меншікті қадағалап отыратын үйлестіру орталығын міндетті түрде ашу керек. Әлем бойынша ақпараттар легі толассыз, ал зияткерлік жекеменшік керексіз болып барады. Егер үйлестіру орталығы ашылса, мемлекеттік рәміздерді тексеретін дүниежүзі бойынша қолданылатын жобалар анықталушы еді. Бұл орталық еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарасты инновация орталығында орналасқан  стандарттау және сертификаттау бөлімінде жасалуы қажет», - деп Жандарбек Мәлібеков жөн сілтеді.

Депутат Зағипа Балиева бұл мәселені өзге қырынан ашып берді. «Мемлекеттік рәміздер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына тіркеле алмайды. Себебі бұл ұйымға тек қана тауар белгісі бар саудаланатын тауарлар бақылауға алынады. Біздің рәміздер мемлекеттік иммунитетке жататындықтан, басқа мемлекет оны қолдана алмайды. Себебі біз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргенбіз», - деп еліміздің бұрынғы Әділет министрі Зағипа Балиева өз пайымын білдірді. 

Автор: Белла Сәт-Мырза, «Еуразия» бірінші арнасы, 1tv.kz

Басты, Қазақстан

Пікірлер

Аватар пользователя Гость

Осы мәселе бойынша Париж конвенциясынын талабы бар . Барлық мемлекеттер рәміздерін тіркеу міндетті http://www1.fips.ru/wps/wcm/connect/content_ru/ru/documents/international_documents/international_conv/par_konv_ohr_ps/inf_6ter

Аватар пользователя Жомарт

Қызық жағдай, ВОИС-тың сайтында темекі ғана тіркелген

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics