| Материалды қосу керек: |
Бүгін түс ауа Семейде төтенше оқиға орын алды. Қала шетіндегі Железнодорожный кентінің тұрғыны үйінің маңындағы қоқыс төгетін жерден қапқа салулы минаға ұқсас бірнеше зат жатқаны жайлы ішкі істер басқармасына шұғыл хабар береді.
Бұл күні құқық қорғау қызметкерлері, «Жедел жәрдем» бригадасы, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары мен саперлерге дейін аяқтарынан тік тұрды. Жедел жеткен арнайы топ кенттің кіреберіс және шығаберіс жолдарын жауып, маңайды қоршауға алды. Абырой болғанда, жарылғыш заттың төртеуі де танкіге қарсы қолданылатын оқу-жаттығуға арналған жарылғыш заттар екені анықталды.
Семей қалалық ішкі істер басқармасы лицензиялық рұқсат беру жүйесінің аға инспекторы Талғат Дүсіпов: «Біздің басқармаға жедел ақпаратты Железнодорожный кентінде тұратын бір азамат жеткізді. Оқиға орнына келгенде хабарламаның растығына көз жеткіздік. Қаптағы зат оқу-жаттығуға арналған танкіге қарсы қолданылатын мина болып шықты» деді. Қазір мамандар аталған заттың күл-қоқысқа қайдан келгенін тексеріп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аталған материал процессуалдық шешім шығару үшін Затон аудандық полиция бөліміне жөнелтілді.
Нұрай Мұрат, Семей, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу