Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Депутаттар ҰҚКҰ елдерімен ынтымақтастық туралы келісімдерді мақұлдады

Материалды қосу керек:

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери мақсаттағы өнімдерді кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған келісім 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалды.

Келісім тараптардың әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, жасау, пайдалану және басқа да осы бағыттағы салалар бойынша өзара іс-қимылының бағдарын, тәртібін және шарттарын айқындайды. Келісім шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық жасайды. Атап айтқанда, тараптар әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, сынау және жасау, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану саласын жүзеге асырады. Бұдан бөлек, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу мен жаңғыртуға ынтымақтастық жасау өзінің қызметін мерзімін өткерген қару-жарақ пен әскери техниканы кәдеге жарату бойынша бірлескен шараларды атқарады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Дереккөз:  newskaz.kz

Басты, Қазақстан

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics