| Материалды қосу керек: |
Бүгін қазақтың арғы-бергі тарихын зерттеп жүрген бірқатар ғалымдар, тарихшылар қазақтың үш жүзінің құпиясын ашуға тырысты.
Ұлт тарихына арналған арнайы шараны «Көшпенділер атамұрасы» қоғамдық қоры мен «Қадырғали би Қосымұлы Жалайри» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырды. Оған еліміздегі тарихшылар мен зерттеушілер, өзге де қоғамдық қорлардың жетекшілері қатысты.
«Қадырғали би Қосымұлы Жалайри» қоғамдық қорының президенті Өмірәлі Қопабаевтың айтуынша, «қазақ» деген ұғым жүздердің тарихынан кейін пайда болған көрінеді. 1456 жылы Қазақ хандығы құрылған тұста ғана «қазақ» сөзі айтыла бастаған сыңайлы. Сондықтан, оның пайымдауынша, ұлтымыздың тарихын білу үшін алдымен жүздерді зерттеп, зерделеп алу керек екен. Тарихшылар Ұлы, Орта және Кіші жүздердің шығу тарихы мен бір кездегі орналасуына қатысты түрлі деректер келтірді. Басқосуда қазақ руларының ен-таңбалары мен жекелеген рулардың тарихы да сөз болды.
Ө.Қопабаев қазақ тарихын дұрыс тану мақсатында 1999 жылы «Қадырғали би Қосымұлы Жалайри» қорын құрыпты. Зерттеу жұмыстарын жүздердің, рулардың тарихын мұқият зерделеуден бастаған.
Өкінішке қарай, «Қазақ жүздерінің құпиясы» деген атпен өткен бүгінгі жиын көбіне бір рудың тарихы төңірегінде ғана шиырланып кетті. Ал жалпы жиында бас қосқан тарихшылар: «Мақсатымыз – қазақты жүз бен руға бөлу емес, қайта тарихын біліп, бірігуге үндеу» дейді.
Автор: Асқар Махмұтұлы, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу