| Материалды қосу керек: |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәліні қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бас мүфти Президентті Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының жұмысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында елдегі жалпы діни жағдай, конфессияаралық және этникааралық келісімді одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды» делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратта.
Кездесуде Әбсаттар қажы Дербісәлі 11 жыл ішінде елімізде өз мамандарымызды даярлау қолға алынғанын атап өтті. «Осы уақыт аралығында 960 имам дайындалды, 9 медресе ашылды, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, кітаптар шығарылды» деп көрсетілген ақпаратта.
Дереккөз–akorda.kz
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу