| Материалды қосу керек: |
Мектеп жертөлесінде қайтыс болған 16 жастағы А.Дивиннің мәйіті Павлодар қаласындағы сот-медициналық сараптау бюросының зертханасына әкелінді. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, зират басындағы эксгумация шарасына БАҚ өкілдерінің қатысуына тыйым салынды.
Сот-медицина сарапшылары мен құқық қорғау орындарының қызметкерлері журналистер қауымы тергеу амалдарына бөгет жасайды деп санайды. Сондықтан БАҚ өкілдері зират аумағынан кетпейінше, қабір қазу жұмыстары да тоқтатылды. Тек журналистердің қарасы батқаннан соң барып, эгсгумациялауды жалғастырды. БАҚ өкілдері қайтып келеді деген жорамалмен тәртіп сақшыларының жасағы зират маңын торуылдады. Тіпті жол да бекітілді. Таңертең басталған эгсгумация жұмыстары түстен кейін бір-ақ аяқталды. Сонан соң Александр Дивиннің мәйіті сот-медициналық сараптама бюросының мәйітханасына жеткізілді. Ал оның мұнда қанша жататыны және сараптама жұмыстары қанша уақыт алатыны әзірге белгісіз.
Автор: Қайрат Керей, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу