| Материалды қосу керек: |
БТА Банкінің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің қайда жүргені белгісіз. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Ондай өзекті ақпарат жоқ. Менің білуімше, оның жүрген жерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр», - деді ол бүгін брифингте Лондон сотының М.Әблязовті жауапкершілікке тартқан-тартпағаны туралы сұраққа жауап бере отырып.
Естеріңізге салсақ, Ұлыбритания соты БТА Банкі түсірген өтініштің барлық үш тармағы бойынша Мұхтар Әблязовті сотқа құрметсіздік танытқаны үшін 22 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарған болатын.
Дереккөз– kaztag.kz
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу