| Материалды қосу керек: |
Үндістан биыл Қытайды басып озып, әлемдегі ең көп көмір импорттайтын ел болады. Ағымдағы жылы аталған мемлекет шетелден 118 миллион тонна көмір сатып алуды жоспарлайды.
Импорттың ұлғаюы Үндістанда көмірге сұраныстың күрт артуымен байланысты. Елдегі электр қуатының көп бөлігі көмірді жағу арқылы өндіріледі.
Үндістанда электр қуатының тапшылығы байқалғандықтан, былтырғы жылдың 3-ші тоқсанында бұл елдегі экономикалық өсім деңгейі төмендеді. Алайда мемлекет пен жергілікті бизнес өкілдері шикізаттың тапшылығына байланысты энергия қуатын арттыруға қауқарсыз.
Сонымен қатар электр қуатын тұтыну мөлшері артып отырған Қытай елі көмір өндіру қарқынын да үдетті. Биыл Қытай көмір өндіруді 200 миллион тоннаға дейін арттырды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Осыған байланысты елге импортталатын отын 40 миллион тоннаға дейін азаяды.
Дереккөз: lenta.ru
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу