| Материалды қосу керек: |
«Қазақстан таяу уақытта Қырғызстаннан сүт өнімдерін тасуға тыйымды алып тастайды» деп мәлімдеді Қырғызстан премьер-министрі Өмірбек Бабанов.
"Қазақстанда рұқсат етілген сүт өнімдерін таситын компаниялар тізімінде бүгінгі таңда 12 компания бар. Үкімет те, Қазақстан Президенті де осы компаниялар бойынша шектеулерді алып тастауды қолдайды", - деді Ө.Бабанов. Ол бұл туралы Астанада келіссөздер қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді.
Естеріңізде болса, 2011 жылы 19 қазаннан бастап, Қазақстан Қырғызстаннан сүт өнімдерін әкелуге тыйым салған болатын. Осыған орай, былтыр желтоқсанда Қазақстан нарығын көрші елдің сүт өнімдерімен сексен бес пайызға қамтамасыз етіп отырған 5 компания ысырылған еді.
Дереккөз: newskaz.kz
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу