Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Елімізде көміртегіні терең өңдеу өндірістері құрылуда

Материалды қосу керек:

Елбасы Н.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында шикізат ресурстарының жоғары бөліністі саласында үлкен жобалардың қолға алынатынын мәлім етті.

Ел экономикасын әртараптандыруды және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді енгізуді қамтамасыз ету мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламада мұнай мен газды терең өңдеуді дамытудың, жаңа мұнай-химиялық өндірістер құрудың нақты жобалары анықталған.

Еліміздің мұнай-газ кешені өндіретін газ негізінен ілеспе болып табылады, сондықтан да газ өңдеу зауыттарында оларды тауарлы газ деңгейіне дейін өңдеу қажет. Жолдау жүктеген міндет бойынша, ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында жылдық қуаты 5 млрд. текше метрді құрайтын газ өңдеу зауытының құрылысы басталады.

Бұл өндіріс Қазақстанды тауарлы газбен қамтамасыз ету жобаларын қамтамасыз етеді және сыртқы нарыққа газ сатуға мүмкіндік береді. Ал 2012 жылдың желтоқсан айында Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ газ өңдеу зауытын жобалау жұмысы аяқталады деп жоспарлануда. 

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы да көміртегіні терең өңдеу саласындағы тағы бір перспективалық өндіріс болмақ. Бұл жобаның арқасында бензин өндірісі 3 есеге дерлік – 1,7 млн. тоннаға дейін, ал дизельдік отын өндірісі- 1,4 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Құрылыс жұмысы 2015 жылы аяқталады деп күтілуде.

Өндіріс іске  қосылғаннан кейін, мұнайды қайта өңдеудің қуаты мен тереңділігі 87 пайызға дейін артады, Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарының талаптарына сәйкес мотор отындарының сапасы жақсарады, ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісі 77 пайызға дейін артады және ішкі нарықтағы жоғары октанды бензин мен әуе отынының  дефицит проблемасы шешіледі. 

2012 жылдың екінші тоқсанының басында мұнай-химиялық кешеннің жобалау жұмыстары аяқталады. Бұл кешеннің арқасында Қазақстан жылына 500 мың тонна пропилен және 800 мың тонна полиэтилен шығаратын болады.

Дереккөз pm.kz

Басты, Экономика

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics