| Материалды қосу керек: |
Жекеменшік несие берушілер гректердің қарызының басым бөлігін есептен шығарып тастауға келісті. Бұл туралы Reuters сенімді ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлады.
Еуротоптағы кездесу кезінде жекеменшік несие берушілердің өкілі Грекияның берешегін кешіріп, үлкен шығынға баруға дайын екенін жеткізді. Бірақ бұл тұрғыда нақты сан әзірге айтылған жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, Еуроаймақ елдері мен аталған елдің құнды қағаздарын қолданушылар Грекияның қарыз мәселесін қайта қарауға өткен жылдың қазан айында келіскен болатын. Ол кезде бұл мемлекеттің борышын шамамен 100 млрд. еуроға қысқарту туралы айтылған. Ал несие берушілер облигациялар бойынша қарыздың 50 пайызын кешіруді ұйғарды.
Грекия облигация бойынша 14,5 млрд. еуро берешегін биылғы 20 наурыздан қайтара бастауы тиіс. Бұл ел сол кезге дейін Еуроодақ пен Халықаралық валюта қорынан жаңа несие алмаса, оған дефолт қаупі төнеді. Дереккөз – reuters.com
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу