Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорларының инфляция деңгейі әлі де төмен

Материалды қосу керек:

Еліміздің ең үздік жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы 5 жылда 40,9% табыс көрді. Бұл уақыт аралығында жиналған инфляция деңгейі 58%-дан асты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитеті хабарлайды.

Биыл 1 ақпандағы көрсеткішке сәйкес, табысы бойынша алғашқы үштікте:   «МұнайГаз-Дем» ЖЗҚ» АҚ - 40,91%, «Капитал» ЖЗҚ» АҚ, «Центр Кредит Банкі» АҚ еншілес ұйымы - 39,22% және «Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес мекемесі «Грантум» ЖЗҚ» АҚ - 34,78%.

Ең төменгі табыс коэффициентін көрсеткен - «Индустриалды Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ (бұрынғы атауы «Қазақмыс» ЖЗҚ») – 17,83% және  «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ - 14,58%. Соңғы 5 жылда елдегі барлық зейнетақы қорларының кесімді табысының орташа коэффициенті 26,51%-ды құрады.

Өткен жылы ең жоғары табысқа қол жеткізген  зейнетақы қорлары   -«Астана» ЖЗҚ» АҚ - 7,6% және «Грантум» - 5,1%.

Ал ең аз табыс тапқан - «Ұлар Үміт» ЖЗҚ». Оның соңғы 12 айдағы табыс   коэффициенті 0,73%-ды құрады. Яғни қор өз  салымшылары үшін шығын келтірді.  «Отан» ЖЗҚ» АҚ - 0,47%,  «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ - 1,01%, «Индустриалды Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ - 1,01% көлемінде табыс тапты.

Былтыр жиналған  инфляция мөлшері 5,9%-ды құрады. Мәлімет бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары биылғы жылдың 1 қаңтарына 2 триллион 651 миллиард теңгеге жетті. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша, жекелеген зейнетақы есептерінің мөлшері 8 миллион 100 мыңнан астам.

Автор: Венера Ізбағамбетова, Жанболат Мамышев, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)

Басты, Экономика

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics