| Материалды қосу керек: |
Британияның әрбір екінші компаниясының директорлары Еуроаймақ жылдың аяғына қарай күйрейді деген болжам айтты. Директорлар институты (IOD) жүргізген сауалнамаға сәйкес, бұл «өте жоғары» қауіп ретінде 12 %-ға, ал жай «жоғары» қатер ретінде 38 %-ға бағалануда.
Сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы қауіп деңгейі «орташа» деп есептейді. Осылайша компания директорларының көпшілігі еуро құнының құлдырау қаупі барын мойындады.
Еуроаймақтың ыдырайтыны жөніндегі қауесет Грекияда қарыз мәселесі туындаған кезден тарала бастады. Бірқатар сарапшылар мен бизнесмендер осы елде болуы ықтимал дефолт немесе оның Еуроаймақтан шығуы салдарынан еуро толығымен жойылады немесе қаржылық жағдайы тұрақты бірер ғана елдің валютасы болып қалады деп есептеген.
Дереккөз– lenta.ru
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу