Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Мүмкіндігі шектеулі дарынды қыз Израильге барып, ән салмақ

Материалды қосу керек:

Өскемендік Руфина Израильдегі ән байқауына қатыспақ.

Мүмкіндігі шектеулі 15 жасар дарынды қыз Руфина Израильдегі «Улыбки Красного моря» атты халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Тумысынан қант диабетіне шалдыққан қыз 1-ші топтағы мүгедек қатарында тұр. Ол дертіне байланысты күніне 4 рет ем қабылдап, дәрігерлердің қатаң бақылауында жүр. Алайда оның туа біткен талантына бас имеске болмайды. 9 жасынан бастап ән салуға әуестенген ерекше дауысты Руфина қанша қиналса да, өнерге жақын жүргісі келеді. Өткен жылдың соңында ол қамқоршысы әрі жанашыры болып жанынан табылатын әжесімен бірге Испаниядағы ән сайысына қатысып, сол жерде ел назарына ілігіпті. Талантты қызға сол жерде Израильде өтетін халықаралық ән байқауына жолдама берілген. Алайда денсаулығының мүшкілдігіне бой алдырмаған Руфинаны тек қаржы жағы ғана аяқтан шалған. Демеуші іздеп сенделген әжесі ақыры Израильдегі байқауға немересін қатыстыру үшін қала әкімінің қабылдауында болып, көмек сұраған екен. Қала басшылары Руфина мен әжесіне көмек қолдарын созатынын жеткізді. Шаһар әкімі Серік Тәукебаев Руфинаның болашағына сәттілік тілеп, оған мамыр айында Израильде өтетін ән сайысына міндетті түрде қатысатындығына, ол үшін қаржылай көмек жасалатындығына уәде берді.

Автор: Мира Бекбаева, Өскемен, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)

Басты, Мәдениет

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics