Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Қазақстандық өнерпаздар АҚШ көрермендерінің жүректерін баурады

Материалды қосу керек:

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 2010 жылы құрылып, елімізде және шетелдерде сәтті өнер көрсетіп жүрген «Құлансаз» музыкалық ансамблінің концерті өтті.

Аталмыш ұжымның Нью-Йорктегі концерттері Қазақстанның Бас консулдығының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі қарсаңында өткізіліп отыр.

Бұл концерт қазақстандық өнерпаздардың АҚШ сияқты алып елдің азаматтарының да жүректерін оп-оңай баурап алатындығын көрсетті. Қазақтың «Қарасай», «Қызыл қайың», «Серпер», «Көрұғлы» сияқты ұлттық аспаптарда орындалған күйлері, қазақтың әндері мен билері концерт өтіп жатқан ғимаратты ұлы даланың және  көшпенді халықтың табиғатына бөледі. Ал қазақтың ұлт аспаптарында орындалған классикалық туындылар америкалықтар сахнасына жаңаша өзгеріс әкелді. Қазақ өнерпаздарының орындаушылық шеберліктері ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ. Осы ретте айта кететін мәселе, шетелдік көрермендердің қазақ өнерпаздарын осыншалық ыстық ықыласпен қабылдауы үйреншікті әдетке айналған. «Құлансаз» ансамблі бағдарлама бойынша әлі АҚШ-тың астанасы Вашингтон мен Лос-Анжелесте де өнер көрсететін болады.

Дереккөз:  kazinform.kz

Басты, Мәдениет

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics