| Материалды қосу керек: |
Испанияда 11-18 ақпан күндері 11 елдің 50-ге жуық өнер ұжымдары арасында Frestalonia Milenio-2012 халықаралық байқау-фестивалі өтті.
Онда «Балдәурен» балалар фольклорлық ансамблі екінші, «Бөбек» балалар фольклорлық ансамблі үшінші дәрежелі лауреат атанды. Жеке орындаушылар арасында домбырашылардан Әмина Баймаханова екінші дәрежелі лауреат, Едіге Әбдірахман мен Жібек Сәдуақасова дипломант болды.
Жетекшілер арасындағы байқауда қобызшы Ақмарал Ақбаева екінші, сазсырнайшы Жұлдыз Матбуса үшінші, ал дуэтте Ақмарал қобызбен, Жұлдыз домбырамен екінші дәрежелі лауреат атанып қайтты. Онда ел намысын «Өзін-өзі тану» гимназиясының 14 оқушысы қорғаған болатын. Испанияға Түркияның Ыстамбұл қаласы арқылы барған олар әуежайда ұшаққа ауысып мінер кездегі үзілісте ондағы жолаушылар мен қызметкерлерге концерт қойып берген көрінеді. Орындаушылық шеберлігі арқасында жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген оларды байқау кезінде қатысушылар өз елдерінде өтетін өнер додаларына қатысып, қонақ болуға шақырды. Сондай-ақ өнерлі жастардың жетекшілеріне берілген дипломдар испан елінің Мәдениет министрлігінде тіркеліп, олардың аталмыш елдің кез келген музыкалық жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік беріліп отыр.
Дереккөз - inform.kz
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу