Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Мадонна соңғы 20 жылдағы ұлы орындаушы деп танылды

Материалды қосу керек:

VH1 арнасы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Мадонна музыка саласындағы ұлы әйел деп танылды. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.

Тізімге 1990, 2000 және 2010 жылдары альбомдарын шығарып, тамаша әндерімен тыңдармандар жүрегін жаулаған әншілер енгізілді. Осы кезеңде Мадонна жеті студиялық  күйтабақ  шығарған:  "Erotica", "Bedtime Stories", "Ray of Light", "Music", "American Life", "Confessions on a Dance Floor" және  "Hard Candy".

Қазіргі таңда Мадонна өзінің кезекті 12-ші альбомын шығаруға әзірленуде. VH1 құрастырған 100 адамнан құралған тізімнің алғашқы ондығына мына орындаушылар енгізілген:

  1. Мадонна
  2. Мэрайя Кэри
  3. Бейонсе
  4. Леди Гага
  5. Адель
  6. Уитни Хьюстон
  7. Джанет Джексон
  8. Кристина Агилера
  9. Мэри Джей Блайдж
  10. Пинк
Мәдениет

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics