Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Балабақшаны қалай таңдау керек?

Материалды қосу керек:

Кішкентай балаға өмірдегі ең маңызды сәт – балабақшаға баратын уақыт. Ата-аналар бұл жаңа кезеңге байыпты түрде және жауапкершілікпен дайындалуы қажет. Егер сіз балаңыздың балабақшаға мерекеге барғандай қуанып баруын қаласаңыз, онда балаңыз үшін ең дұрыс балабақшаны таңдауыңыз керек.

Ең дұрысы, балабақша туралы сәбиіңіз дүниеге келісімен ойлану қажет.

Ол үшін білім беру орындарына немесе өзіңіз тіркеуде тұрған жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруіңіз керек. Сіздің өтінішіңіз мектепке дейінгі білім беру бөліміне тіркеледі. Балаңыз балабақшаға кезекке тұрады. Кезек тәртібі бойынша, бос орын болған кезде, сіздің балаңыз топқа қабылданады.

Ең қарапайым жолы – таңдау жасамас бұрын балабақша туралы барлық мәліметтерді біліп алу керек. Оны сіз балалары балабақшаға барып жүрген ата-аналармен сөйлесіп біле аласыз. Олардан балаларға деген күтім, балабақшаның жабдықталуы, тәрбиешілері туралы және одан да басқа мағлұматтарды білуге болады. Балабақшаның аумағы, балалар ойнайтын жер, қоршалған алаңы қаншалықты таза екеніне назар аударыңыз.

Балабақшаның қызметкерлерімен, болашақ тәрбиешімен танысыңыз, дәрігерімен сөйлесіңіз. Балабақша меңгерушісінен  қызметкерлер жайлы, балалармен жүргізілетін жұмыс туралы айтып беруін сұраңыз.

Балабақшалар мемлекеттік, жеке (коммерциялық) және отбасылық деп үлкен үш топқа бөлінеді. Балаларды оқыту бағдарламасы, топтағы бала саны, тамақтандыру мен ойыншықтардың сапасы балабақшаның санатына байланысты.


  • Мемлекеттік балабақшаның басты артықшылығы – бағасының арзандығы. Бағасы айына 6000-12000 теңге аралығында болады. Сонымен қатар бірнеше жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, жалғызбасты аналарға, көпбалалы жанұяларға жеңілдіктер бар. Мемлекеттік балабақшаның кемшілігі топтарда бала саны көп болады және әр балаға жеке көңіл бөлінбейді.

  • Егер жанұяда жеке балабақшаның қызметтерін төлеуге қаражат жеткілікті болса, онда бұл – кез келген сәби үшін ең дұрыс таңдау. Бұл балабақшада қызықты даму бағдарламасы бар. Топтардағы бала саны 15 шамасында. Балалар жақсы ойыншықтармен қамтамасыз етілген, тамақтары да дәмді әрі әртүрлі. Және одан да басқа артықшылықтары бар. Жеке балабақшаның бір ғана кемшілігі – бұл оның бағасы.

  • Үй (отбасылық) балабақшасы – бұл жеке балабақшаның бір түрі. Әдетте бұл – жеке пәтердегі немесе жалға алынған ғимараттағы жақсы жабдықталған жатын орын және ойнайтын бөлме. Онда тәрбиеші, бала бағушы және аспаз жұмыс істейді; ал ересек топтағы балалар үшін шет тілдерінің, ән-күйдің және сурет өнерінің оқытушылары шақыртылады. Үй балабақшасының жақсы жақтары: бала саны аз (3-5 бала), дербес тамақтану мәзірі, балаларға барынша көңіл бөлу. Бірақ балабақшаның бұл түрінің бағасы өте қымбат. Ал кей жағдайда ғимараты да тар болып келеді.

Ата-аналардың балабақшаның жақсы-жамандығын анықтау әдісі әртүрлі. Бірақ қандай да бір критерий бойынша балабақша таңдағанда, «мектепке дейінгі білім беру стандарты» барлық мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бірдей жүзеге асырылатынын ескеріңіз.

Дереккөз: exdat.com

Потребитель

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics