Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Фотокамераны қалай таңдау керек?

Материалды қосу керек:

Сандық фотоаппаратты таңдау оңай шаруа емес. Бiреулер ыңғайлылығына және фотокамераның қолдану оңайлығына қызығады. Енді біреулер суреттің сапалы болғанын қалайды. Бұл сіздің қолданатын фотоаппаратыңыздың түріне тікелей байланысты. Қазіргі кезде фотоаппараттардың екi түрі кең таралған.

Әуесқой фотоаппарат – тұрмыстық қолданыс құралы ретінде тамаша құрылғы. Отбасылық мерейтойлар мен достық думандарды түсiруге арналған фотоаппараттың бір кемшілігі – суреттердiң сапасы төмендеу болады. Бұл аппарат арқылы тамаша түстердің қанықтығына қол жеткiзе алмайсыз. Дегенмен көбіне мұндай фотоаппараттардың иелерiне ол міндетті емес. Айналы фотоаппарат – бұл жартылай кәсіпқой аппараттардың түріне жатады. Мұндай фотоаппаратқа қосымша жабдықтардың жиынын және ажыратылатын объективтер, аяқтар орнатуға болады. Әуесқой фотоаппарат пен айналы фотоаппараттар арасындағы айтарлықтай ерекшелік – олардың бағасында.

Фотоаппарат кез келген техника үлгiлері секілді техникалық мiнездемелер бойынша ерекшеленеді. Фотоаппараттың маңызды сипаттамалары: пиксельдердiң саны, фотоаппараттың матрицасы және оптика болып табылады.

Фотоаппарат қолданыста ыңғайлы болуы керек. Әуесқой фотоаппарат үшiн эргономика ең маңызды болып саналады. Сондықтан бүгiнгі таңда  батырмалардың аздығы, ықшам пішіні, қолда ыңғайлы ұстау, т.б. параметрлері танымал фотоаппараттарда жиі қолданылады. Сонымен қатар  жадының жеткiлiктi қоры туралы ұмытпаған жөн. Бұл параметр жадыға суреттердiң қанша данасы сыятынын анықтайды. Әдетте фотоаппараттардың ішіне қондырылған жады 5-15 суретке ғана жетеді. Бұл көлемді жады карталары арқылы оңай ұлғайтуға болады.

Фотоәуесқойлар тек қана фотоаппарат сатып алумен шектелмей, камераларға арналған қосымша жиынтықтарды да сатып алады. Олар суреттердiң сапасын арттырып, фотоаппараттың қолданылуын жеңілдетеді.

Әдетте фотоаппаратқа арналған аксессуарлардың жиыны мыналардан тұрады:

* Жады карталары және оларды оқу құрылғылары

*Сандық фотоальбом

*Қорғаныш сүзгілер

*Жарық сүзгілер

*Объективтiң оптикасын тазалау үшiн қажеттi  құралдар

*Таяныш

*Жарқылдағыш

*Қорғаныс қабы

Қазiргi сандық фотоаппараттар фотоға түсiру үрдісін әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы етуге мүмкiндiк береді. Қосымша функциялардың саны да үлкен қарқынмен өсіп жатыр. Әдетте бұл функциялардың саны аппараттың құнына тiкелей байланысты десек те, сапалы сурет түсіру үшін олардың барлығы бірдей қажет бола бермейді.

Дереккөз: massaget.kz

Потребитель

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics