| Материалды қосу керек: |
Бұл өмірде бәрі өз теңін тауып, бақытты ғұмыр кешуді қалайтыны анық. Өзіңе керекті адамды таба білу оңай емес. Сондықтан көңілің қалып, алданып қалмас үшін біраз жұмыс істеу керек. Ең алдымен, бәрін өзіңнен бастауың қажет.
1. Өз-өзіңді алдама
Сонымен, сен жақсы жігітті кездестіргің келеді. Мұны мойындаудан қашпа. Махаббатыңды іздеу – қиын іс, бірақ қай уақытта да оны бастау керек. Егер сен өз-өзіңе бақытыңды тапқың келетініңді мойындасаң, бұл сенің жолың болмайтын қыз екеніңді немесе жігіттердің саған жоламайтынын білдірмейді.
2. Өз өміріңе талдау жаса
Өзіңнің бақытты болуың үшін не керегін және сүйгеніңе өміріңнің қанша бөлігін сыйлайтыныңды білмейінше, оны табу қиынға соғады. Мынадай бір тәсіл қолданып көр. Бір қағаз алып шеңбер сыз да, көз мөлшерімен бірнеше бөлікке бөл. Бір бөлік сенің өміріңде мансабыңның алатын өлшеміне сай келу керек. Келесісі – сүйіктіңе арналған өлшемнің орны. Үшіншісі – қызығушылықтарыңа арналған бөлік. Достарыңа арналған және өз қалауың бойынша тағы да басқа бөлімдер жаса. Бұл жай ғана диаграмма өзіңе басқа көзбен қарауға көмектесіп, артықшылықтарыңды көрсетеді.
3. Өткен өміріңді өз пайдаңа асыра біл
Барлығымыздың да күйініш пен мұңға толы жүгіміз бар. Өткен қорқыныш пен қатып қалған стереотиптер ары қарай өмір сүруге кедергі болмас үшін оларды өз пайдаңа асыра білу қажет. Өткен қателіктердің арқасында болашағың үшін жақсы сабақ алуға тырыс.
4. Өз-өзіңді сүй
Өз-өзіңді сүй. Бұл үшін жұмысқа бара жатып: “Мен ең әдемімін, ең көріктімін” деп қайталау қажет. Өзіңе саған шексіз ғашық жігіттің көзімен қарап көр.
5. Өзіңе жаңалық аш
Егер сен өміріңе риза болып, жаңа әсерлерді сезінуге дайын болсаң, бұл бірден айналаңдағыларға біліне бастайды. Жылдар бойы істемей, тастап кеткен жұмыстарға кіріс. Мысалы, гүл отырғыз. Бұрыннан армандап келе жатқан істермен айналыс – фотоаппарат сатып алып, өзіңді репортер сезін. Үнді немесе фламенко би курстарына жазыл. Бұл қызық емес деп ойласаң, экстремалды спорт түрімен айналыс. Дельтапланмен ұшу немесе сарқыраған өзенге салмен түсу деген сияқты. Адреналин өмір сүру құштарлығын оятады.
6. Ғажайыпқа сен
Есейе келе, бақыттың күтпеген жерден келетініне сене бермейміз. Ал бұл бекер. Өйткені ең керемет, ғажап сәттер кез келген жерде, кез келген уақытта болуы мүмкін: ертең таңертең, демалыс күндері, келесі аптада – ешкім қашан болатынын білмейді. Бірақ болатынына сен.
7. Өткеніңді қолға ал
Өзіңнің студент шақтарыңды немесе мектептегі алғашқы махаббатыңды еске ал. Сенің ойыңша, бұл алтын кездер ме? Ең жақсы сәттеріңді өткізген ескі достарыңа хабарласып, жағдайларын біл. Олармен айтылатын ортақ әңгіме көп.
8. Бағдарыңды өзгерт
Сен күн сайын бір ғана жолмен жұмысқа барасың, бір автобусқа отырып, күнделікті бір дүкенге кіресің. Өзіңнің күн тәртібіңді өзгерт, жұмысқа барар жолдың басқа бір жолын таңда. 1-2 аялдама жаяу серуенде немесе сауда жасауға орталыққа аттан. Мұны әрдайым істеп тұруға тырыс, мысалы, 2 аптада бір рет.
Өз өміріне және өзіне көңілі толатындарға ғана бақыт келеді. Сондықтан өз өміріңе риза болуды үйрен. Өзіңнің сәттіліктерің және жетістіктеріңмен өмір сүр, артықшылықтарыңды көре біл.
Дереккөз: massaget.kz
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу