| Материалды қосу керек: |
Петропавлдағы ет комбинатынан бір түнде 300 келі шұжық қолды болды. Қылмыскерлер цехтарда орнатылған бақылау камераларын қиратып, есікті бұзып кірген. Ұрланған тауардың бір бөлігі қала базарларынан тәркіленді.
Ысталып тұрған шұжықтардың қолды болғанын таңертең жұмысқа келген қызметкер әйел байқапты. Цехта орнатылған бақылау камерасы қиратылып, есіктің құлпы бұзылған. Тәртіп сақшылары қылмысқа осы комбинатта жұмыс істейтін қызметкерлердің қатысы барын бірден анықтаған. Өйткені күдікті ғимараттағы бөлмелер мен қоймалардың орналасуын жақсы білгендіктен, құрал-сайман сақталатын бөлмеден керек-жарақтарын алып, кәдеге жаратқан. Тәртіп сақшылары комбинат қызметкерлерінің әрқайсысынан жауап алды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сол күні-ақ 2 жігіт ұсталды. Олар бұрын осы кәсіпорында тауар ораушы болып қызмет еткен екен. Ұсталғандардың айтуынша, олар ғимараттың қоршауынан қарғып өтіп, терезені сындырған. Сонан соң өнім сақталатын қойманың құлпын бұзған. Шұжықты арнайы дайындалған қаптарға тығып, жақын маңдағы жатақханаға алып барып жасырған. Ұрланған тауардың бір бөлігін олар Орталық базарға апарып сатқан. Қазір 60 мың теңгенің сатылмаған өнімі тәркіленді. Ұрланған шұжықты саудалаған базар сатушыларының айтуынша, күдіктілер оларға «жалақымызды шұжықпен берді» деп ақталған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Автор: Қайрат Омаров, Петропавл, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу