| Материалды қосу керек: |
Қызылжарда түрмеден жуырда босап шыққан қаңғыбас танысынан 160 мың теңге алдап алған. Тәртіп сақшылары оны құрықтағанша тұрақты мекенжайы жоқ ол тағы бір қылмыс жасап үлгеріпті.
21 жастағы жігіт жуырда ғана түрмеден босап шыққан. Бірақ барар жер, басар тауы жоқ ол бұрынғы танысын тауып, оның сеніміне кірген. Кейін оның пәтерінен қаңғыбас 160 мың теңге ұрлапты. Тәртіп сақшылары оны ұстағанша ол тағы бір қылмыс жасап үлгерген. Бар ақшаға киім-кешек сатып алып, облыс орталығынан екі аптаға пәтер жалдаған. Ал пәтерді босататын уақыт жақындағанда, оны өзгелерге жалға беріпті. Олардан тіпті 15 мың теңге ақы да алып үлгерген. Полиция қызметкерлері құрықтағанға дейін қаңғыбас күдікті бар ақшаны жаратып үлгерген. Бұрын да істі болған ол қазір тағы екі қылмыс жасағаны үшін темір торға тоғытылды. Өйткені үй-күйі жоқ жанды тәртіп сақшылары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жібере алмайды.
Автор: Қайрат Омаров, Петропавл, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)
|
18.05.2012 18:01
|
Сондай-ақ:

/с/ 1997-2011, Бірінші арна. Барлық құқықтары қорғалған. Сайт мәліметтерін пайдалану кезінде дереккөзге сілтемені міндетті түрде көрсету керек.
Сайтта қателерді жөндеу жүйесі іске қосылған.
Мәтіндегі қателерді көргенде, оларды ерекше белгілеңіз және Ctrl+Enter-ге басыңыз.

Пікір қосу