Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Қостанайлық тәртіп сақшылары күн сайын дерлік есірткі саудалаушыларды құрықтайды

Материалды қосу керек:

Қостанай облысы ІІД есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері саяжайда 63 келіден астам есірткі сақтаған 28 жастағы азаматты ұстады.

Күдіктінің тәртіп сақшыларының назарына іліккеніне біраз болған. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның Қашар кентіндегі саяжайда есірткі сақтап жүргенін анықтады.

15 ақпан күні тәртіп сақшылары түнде саяжайға келіп, қаптарды көлігіне тиеп жатқан есірткі саудалаушыны құрықтауға бел буады. Жалпы салмағы 63 келі 400 грамм болатын 3 жарым қап кептірілген марихуана тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Айта кетерлігі, тұтқындалған азамат бұрын жауапқа тартылмаған әрі үлгілі отағасы болған.

Қостанай қаласында есірткі саудасымен  күрес бөлімінің қызметкерлері иісшіл итпен бірге Качарская көшесіндегі 29 жастағы азаматтың пәтерінен жасырылған есірткіні тапты. Тексеру кезінде полиэтилен пакетке оралған 1 келі 212 грамм марихуана табылды. Ұсталған азамат есірткіні сату үшін сақтаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол тұтқындалды.

Меңдіқара аудандық ІІБ-інің полиция қызметкерлері  Первомайское елдімекенінде тағы бір есірткі саудалаушыны құрықтады.  28 жастағы азаматтың қалтасынан героин салынған 5 полиэтилен орама табылды. Оның пәтерінде тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары жалпы салмағы 4,25 грамм болатын тағы 20 орама героин тапты.  Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Жыл басынан бері Қостанай облысының полиция қызметкерлері есірткіге байланысты 84  қылмыс оқиғасын тіркеді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 70 келі.       

Автор: Венера Ізбағамбетова, Александр Мироглов, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)

Оқиға

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics