Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Қызылжар тұрғыны көрпе астына тыққан ақшасынан айырылды

Материалды қосу керек:

Петропавлда банктерге сенімсіздік білдіріп, бар жиған-тергенін көрпенің астына сақтап жүрген азамат ақшасынан айырылды. Оның 225 мың теңгесі мен алтын бұйымдарын туысқан інісі ұрлап әкетіпті.

Петропавл тұрғыны өзінің тоналғаны туралы полицияға шағым жазған. Ол түнгі кезекшіліктен оралғанда көрпенің астына тығып, сақтап жүрген 225 мың теңгесінің қолды болғанын байқаған. Сондай-ақ жиһаз үстінде тұрған алтын жүзік пен күміс сырға да ұрланыпты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары есіктің құлпының бұзылмағандығын анықтаған.

Сұрастыру барысында 62 жастағы үй иесіне сол күні оның 23 жастағы студент туысы қонаққа келгені анықталды. Сол күні қонақта аз уақыт отырған жігіт кетіп қалған, бірақ біраздан соң қайта оралыпты.

Жатақханада тұратын жігіт ұрлық жасағанын бірден мойындаған. Ағасына қонаққа келген ол оның қалтасынан үйдің кілтін ұрлапты. Жақын маңдағы кілт жасататын жерде тап сондай тағы бір кілт жасатқан соң ол ағасының үйіне оралып, кілтті орнына қойған. Ал кешке қарай туысы жұмысқа кеткенде оның үйіне ұрлыққа түскен. Студент жігіт ұрланған ақшаның бір бөлігін туысына қайтарды. Қалғанын қарыз есебінен таратып та үлгеріпті. Қазір оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.

Қайрат Омаров, Петропавл, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)

Басты, Оқиға

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics