Біз тораптамыз:
facebook
vkontakte
twitter
twitter

Петропавл полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстады

Материалды қосу керек:

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Допинг» жедел сақтандыру шарасын өткізу барысында кезекті есірткі сатушыны ұстады. Бұдан бұрынырақта 33 жастағы қызылжарлық жігіт есірткі сақтағаны үшін сотталған еді.

Бірнеше нашақорға есірткі сатқан соң, ер адам қала орталығында ұсталды. Тексеру кезінде оның қалтасынан шамамен 3 грамм героин және есірткі үшін берілген ақша тәркіленді.

Тергеу барысында ұсталғанның өзінің нашақор екені анықталды. Еш жерде жұмыс істемейтін ол героин  сатып күн көрген. Айта кетерлігі, ұсталғанның айтуынша, бірнеше жыл бұрын ол табысты бизнесмен болған көрінеді. Пәтері, көлігі және мол қаржысынан ол ойынханалардағы құмар ойындарға тым әуестігі үшін айырылыпты. Енді жағдайы қиындаған соң есірткі қолдана бастаған.

Оның үстінен есірткіні сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрақты мекенжайы жоқ күдікті  қамауға алынды.

Автор:  Азамат Ахметов, Александр Мироглов, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)

Оқиға

Пікір қосу

Бұл өрістің ішіндегісі жекеше және көпшілікке көрінбейді.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.
Mobile and Web Analytics